Кедендік қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Кедендік қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу

Қызметті онлайн алу

  1. «Онлайн сұрау» батырмасына өтіңіз (қызметтерді алу үшін сіз eokno.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
  2. eokno.gov.kz сайтында қажетті жолдарды толтырыңыз және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұранысына қол қойыңыз. Сіздің есептік жазбаңыздағы «Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операциялары үшін бірыңғай терезе» порталындағы қосымшаның күйін бақылаңыз.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Кеден қоймалары иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.

Қосымша:

Үй-жайлар мен аумақтарға кедендік карап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш иесі аумақтық кеден органының лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай:

  1. Кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған құрылыс жайлардың, үйжайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуын растайтын құжаттардың. 
  2. Орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда – тиісті есепке алу аспаптарын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Кедендік қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жауап