Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Сыныптау бойынша алдын ала шешім қабылдау үшін, тауардың әрбір атауына - 32 000 тенге

Қызмет көрсету мерзімі

Тауарларды жіктеу туралы алдын-ала шешім шығару - 20 жұмыс күні

Тауарларды жіктеу туралы бұрын қабылданған алдын ала шешімнің телнұсқасын беру - 5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз (қызметтерді алу үшін сізде eokno.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
  2. eokno.gov.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. "Экспорттық-импорттық операциялар үшін Қазақстан Республикасының бірыңғай терезесі" порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

Алдын ала шешім қабылдау үшін:

  1. Өтініш.
  2. Алдын ала шешімді қабылдау үшін кеден алымын төлеуді растайтын құжат.

Телнұсқаны алу үшін:

  1. Еркін нысандағы өтініш.

Қызмет көрсету нәтижесі

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды сыныптау бойынша алдын ала шешімін беру, бұдан бұрын алынған тауарларды сыныптау бойынша алдын ала шешімнің телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.