Салық төлеушілерді тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

салық төлеуші туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорға енгізу - 3 жұмыс күні

салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгертулер енгізу - 3 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Салық төлеушілерді тіркеу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасы бойынша өтіңіз (қызметті алу үшін сізде cabinet.salyk.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
  2. cabinet.salyk.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. Көрсетілген уақыт ішінде жаңартылған деректерді қайта сұратыңыз.

Қызметті мемлекеттік органнан (келу тәртібімен немесе пошта арқылы)​ немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

СТ МДҚ-на резидент емес туралы мәліметтерді енгізу үшін:

  1. Салықтық өтініш.
  2. Құжаттардың тізбесі Қағиданың қосымшасына сәйкес.

СТ МДҚ-да тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін:

  1. Салықтық өтініш.

Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электронды» жолмен жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша (Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы филиал ашпай, сақтандыру ұйымдарында (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агенте, дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдікте, консульдық мекемеде қызметін жүзеге асырушы резидент еместер, шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар, заңды тұлғалар - резидент еместер туралы мәліметтерді СТМДБ енгізген кезде) тіркеу куәлігін беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауабы.