Негізгі орта, жалпы орта беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Негізгі орта, жалпы орта беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру

Қызметті онлайн қалай алады

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою. Өтінімге құжаттарды бекіту:
  • білім алушы ата-анасымен немесе олардың орнын ауыстырушылармен шетелге шыққан жағдайда білім алушы ата-анасының немесе олардың орнын ауыстырушылардың шетелде уақытша тұруы туралы анықтаманың көшірмесі;
  • білім алушы ата-анасы немесе олардың орнын ауыстырушыларысыз шетелге шыққан жағдайда қызмет алушының атына шетелде білім алуы туралы. құжаттың көшірмесі;
  • қызмет алушының туу туралы куәлігінің (2008 жылға дейін туылған жағдайда) электронды көшірмесі.
  1. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Нысан бойынша негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтың көшірмесі  немесе  өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту болып табылады.