Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

0,5 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

1)Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 15 жұмыс күні;
2) Порталға жүгінген кезде - 15 жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Қызметтің толық атауы
Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторлану және  "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою. Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу
    •  апостиль қойылатын құжат;
  3. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
  5. Апостиль қойғызу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшелеріне бару керек.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшелері арқылы алу (қажетті құжаттар):

Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушы немесе оның сенім білдірген өкілі өтініш білдірген кезде:

  1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат.
  3. Апостиль қойылатын құжаттың түрнұсқасы (түпнұсқа).
  4. Төлем туралы түбіртек (түпнұсқа).

* Қызмет Гаага Конвенциясы құрамына кіретін елдер үшін қолжетімді. Егер де ел Гаага Конвенциясы құрамына кірмейтін болса, онда құжаттарды заңдастыру үшін сол елдің Қазақстан Республикасындағы елшілігіне жүгіну қажет.

Қызмет көрсету нәтижесі

"Апостиль" мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды қағаз тасымалдағышта беру.