Жүргізуші куәліктерін беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

1,25 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорация арқылы - 120 минут
ЭҮП арқылы - 60 минут

Қызметтің толық атауы
Жүргізуші куәліктерін беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді. 

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімге фотосуретті қоса тіркеу (фотосуретке талаптар) және қолдың үлгісі (қолдың скан суреттеріне талаптар). Қызмет көрсету кезінде мемлекеттік баж төлеу кезінде мамандандырылған «Халыққа қызмет көрсету орталығы» орналасқан жері бойынша салық басқармасының органын таңдау қажет.
  3. Қалыптасқан электрондық өтінішпен жеке кабинетте танысу («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде), көрсетілген ТЕБ  немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ көрсету қажет. «Қызметтерді төлеу тарихы» - жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік баж алымды төлеу туралы электрондық чекпен танысу, оны басып шығару қажет.
  4. ҚР ІІМ қызметкерлерінің тұлғасын сәйкестендіру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ немесе ТЕБ-ке электрондық өтініште жазылған адрес арқылы бару. Өзімен бірге төмендегілер болуы қажет:

  • жеке басты куәландыратын құжат;
  • басып шығарылған электронды өтініш;
  • алмастыру үшін жүргізуші куәлік;
  • мемлекеттік баж төлеу туралы басып шығарылған электрондық чек.

Онлайн қызметті порталда Нұр-Сұлтан, Алматы және облыстық орталықтардың ҚР азаматтары болып табылатын тұрғындары ала алады. Азаматтығы жоқ шетелдіктер және тұлғалар қызметтті арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, сондай-ақ жол полициясының ТЕБ бөлімшесінде ала алады.

Ескерту: Жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы алуға жүргізуші куәлігін, әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты, тегін, атын және әкесінің атын ауыстырған жағдайда, жоғалған немесе ұрланған жағдайда болады.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қалай алуға болады  (қажетті құжаттар):

  1. Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
  2. Медициналық анықтама мен оның көшірмесі;
  3. Мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;
  4. Курстарды аяқтағаны туралы куәлік пен оның көшірмесі (өзіндік даярлық жағдайларын қоспағанда) ұсынылады.

Мемлекеттік  корпорацияның мамандандырылған  бөлімдері арқылы:  
Құжаттарды қабылдау: түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Нәтижелерін беру: сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жүргізуші куәлігі.