Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, (босқын мәртебесiн алған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) көрсетілетін қызметті беруші арқылы  - 30 минуттан артық емес

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн режимінде қалай алуға болады?

  1. Порталда авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет). Тұрғын үйдің ортақ  иелерінен ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет (егер өтініш беруші тұрғын үйдің жалғыз иесі  болмаса).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Портал арқылы азаматтарды тұрақты және уақытша тіркеуден алып тастау тұрғын үй иесінің өтініші бойынша ғана жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

 

Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкілдіктері көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адамы үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары):

Мемлекеттік корпорацияға және Мемлекеттік корпорациядағы көрсетілетін қызметті берушіге:

  1. Азаматтарды үй иесінің өтініші бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде:
  • Тұрғын үй иесінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
  • Тіркеуден шығаруға жататын азаматтардың айқындамалық деректерін көрсете отырып, еркін нысанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы өтініші;
  1. Аумақтық полиция органдарының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығуға арналған рұқсат беру туралы анықтамасы, паспорт - 16 жасқа дейінгі балалар, жеке куәлік (көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін) - республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығатын адамдарға;
  2. Тұрғын үй-жайды пайдалану құқығынан айыру туралы сот шешімі (сот шешімі бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде).

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары (меншік құқығын растау үшін) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "ХҚКО" БАЖ-дан алады.

Босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жоғарыдағы құжаттардың тізбесін көрсетілетін қызметті берушіге береді.

1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:  Мемлекеттік корпорация; www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (тұрғын үй иесінің арызы бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде);
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады;
3) Босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

"Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) мәліметтерді енгізу жолымен тіркеуден шығару.
Портал арқылы жүгіну кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі оның мекенжайында тұрмаған адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама түрінде көрсетілетін қызметті алушынының "жеке кабинетіне" жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мекенжайдан кету парағын беру (қажет болған жағдайда).