Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Қосымшаға сәйкес

Қызмет көрсету мерзімі

4 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер  ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді. 

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру
  3. Оған ЭЦҚ қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  4. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде)  электрондық форматтағы жер учаскесі актісімен танысу. 

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар)

Мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқықты ұсынғанда

  1. Көрсетілетін қызметті берушіге жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні беруге өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі).
  3. Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінен үзінді көшірме.
  4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен жерге орналастыру жобасының көшірмесі (жерге орналастыру жобасын көрсетілетін қызметті беруші дайындаған жағдайда, жерге орналастыру жобасын ұсыну қажет емес).
  5. Жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмесі (жер учаскесінің шекараларын белгілеу бойынша жұмыстарды көрсетілетін қызметті беруші орындаған жағдайда, шекараларды белгілеу жөніндегі материалдарды ұсыну қажет емес).
  6. Жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, көрсетілген жұмыстарды орындаған ұйым беретін, нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жердегі шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар беріледі.
  7. Жер учаскесін сатып алу-сату шартының көшірмесі (жер учаскесін сатқан кезде).
  8. Уәкілетті органның жер учаскесiнiң сатып алу бағасын төлеу туралы, сондай-ақ жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезінде мәмiле жасасуға тыйым салынатыны туралы (жер учаскесін сату кезінде) анықтамасы.
  9. Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).

Бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу кезінде

Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда

Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiні ауыстыру кезінде

Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған кезде жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат өзгерген жағдайда, бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiні ауыстыру кезінде

 

Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жер учаскесіне жеке меншік құқықты қағаз тасымалдағышта алу немесе жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын алу немесе бас тарту туралы негізді жауап.