Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия алу - 10 АЕК

Қайта рәсімдеу - 10%

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензия алу – 15 жұмыс күні

Лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және(немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Қызметтің толық атауы
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензия, қайта ресімделген лицензия немесе бас тарту туралы дәлелді жауап