Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия алу - 6 АЕК

Лицензияны қайта рәсімдеу үшін -10% көлемінде, бірақ лицензиялық алымды төлеу күніне белгіленген төлемнен 4 АЕК-тан көп емес мөлшерде алынады

Лицензияның телнұсқасын алу - лицензиялық алымды төлеу күніне белгіленген мөлшерлемеден 100% мөлшерінде алынады

Қызмет көрсету мерзімі

лицензия алу– 10 жұмыс күнінен кеш емес;

лицензияны қайта ресімдеу– 3 жұмыс күні;

лицензияның телнұсқасын алу – 2 жұмыс күні;

Қызметтің толық атауы
Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Күзет қызметімен айналысу құқығына заңды тұлғаларға берілген лицензия, оны қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасы не лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.