Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру холдингін ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

35 жұмыс күні ішінде.

Қызметтің толық атауы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру холдингін ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат не уәкілетті орган Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.