Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия – 300 АЕК

Лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін алым - лицензиялық алымнан10% 

 

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензия – 30 жұмыс күн;

Қайта рәсімдеу – 15 жұмыс күн;

Көрсетілетін қызметті алушының бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылуы жағдайында лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей;

Телнұсқасы – 2 жұмыс күн.

Қызметтің толық атауы
Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.