Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Бірінші рет жүгінген кезде - 39 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметке қайта жүгінген кезде, оның ішінде Сараптау комиссиясының отырысында ескеруді ескере отырып - 64 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар):

  1. Нысан бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беруге өтініш.
  2. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды.
  3. Ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы.
  4. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарымен келісілген қоғамдық тыңдауларды өткізудің ұсынылатын орындары, күні мен басталу уақыты көрсетілген ілеспе хат.
  5. Есептің жобасында коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы жария етуге жатпайтын ықтимал әсерлер туралы есептің жобасындағы ақпарат көрсетілген және көрсетілген ақпараттың заңмен қорғалатын қандай құпияға жататыны түсіндірілген өтінішті, сондай-ақ тиісті ақпарат жойылған және "құпия ақпарат" мәтініне ауыстырылған ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының екінші көшірмесін қоса береді.
  6. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген трансшекаралық әсерлер болған жағдайда:
  7. Көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға ықтимал елеулі теріс трансшекаралық әсері туралы ақпараттан тұратын құжатты.

Қызмет көрсету нәтижесі

Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.