Алкоголь өнімін, оны өндіру аумағында сақтау және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме өткізуге лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия алу - 200 АЕК;

Лицензияны қайта ресімдеу - лицензияны алу кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ы.

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензия беру - 1 жұмыс күн ішінде;

Лицензияны қайта ресімдеу  – 3 жұмыс күні ішінде.

Қызметтің толық атауы
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

 

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензия, қайта ресімделген лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.