Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

лицензия - 10 АЕК

лицензияны қайта ресімдеу - 10 %-ын құрайды

Қызмет көрсету мерзімі

1) лицензияны және  лицензияға қосымшаны беру, оның ішінде заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны және  лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 10  жұмыс күні;
2) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және  лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және  лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3  жұмыс күні;
3) лицензияны және  лицензияға қосымшаны электрондық нысанға ауыстыру үшін – 2  жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия немесе лицензияға қосымшаны беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.