Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес берілген куәлік

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес берілген куәлік

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Сынақ хаттамасының түпнұсқасы немесе сараптамалық тексеру хаттамасының түпнұсқасы.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес бекітілген нысан бойынша тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес куәлік, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.