Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін шаруашылық пайдалылығына мемлекеттік сынау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

44 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа жарамдылыған мемлекеттiк сынау

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)

  1. Селекциялық жетiстiктiң шаруашылыққа пайдалылығын сынауға арналған Қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
  2. Селекциялық жетістік сауалнамасы (тиісті дақылдарға арналған нысан бойынша);
  3. Тиісті тектер мен түрлерге арналған селекциялық жетістіктің сипаттамасы;
  4. Гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродуктивтік бөліктерінің және шаруашылықта пайдалану фазасында қалыпты дамыған өсімдіктің сорт атауы көрсетілген масштабты сызғышы бар фотографиялары (егер атауы айқындалмаса, онда селекциялық нөмірі көрсетіледі);
  5. Өтінім беруге арналған құқығын растайтын құжат (құқықтық мирасқорлар және делдалдар үшін);
  6. Сынаққа берілетін сортта генетикалық түрлендірілген объектілердің жоқ екендігі туралы құжат, не генетикалық түрлендірілген объектілердің құрамына жүргізілген сараптама нәтижелері (шетелдік селекциядағы сорттар үшін).

Қызмет көрсету нәтижесі

Шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша сортты пайдалануға ұсыну туралы Мемкомиссия қорытындысының негізінде шығарылатын, Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне сортты қосу туралы көрсетілетін қызметті беруші бұйрығының көшірмесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.