Кепiлдiк мiндеттемені (түпкi пайдаланушының сертификатын) алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

7 жұмыс күні

 

Қызметтің толық атауы
Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификатын) беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтiнiш.
  2. Өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
  3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 418 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11006 болып тіркелген) сәйкес нысандағы импорттаушының (түпкілікті пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі.
  4. Мәмілеге қатысушылар арасындағы сатып алу-сатудың сыртқы сауда шарты (келісімшарты) немесе өзге де иеліктен шығару құжатының көшірмесі.
  5. Егер қызметті алушы ретінде делдал әрекет етсе, импорттаушы мен түпкі пайдаланушы арасындағы сатып алу-сатудың сыртқы сауда шарты (келісімшарты) немесе өзге де иеліктен шығару құжатының көшірмесі.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификаты) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.