Экспорттық бақылауға жататын өнiмнің транзитіне рұқсат беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті - шетелдік мемлекеттік органдар үшін
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

15 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
Экспорттық бақылауға жататын өнiмнің транзитіне рұқсат беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтiнiш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.
  3. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжат – шетелдік заңды тұлға үшін.
  4. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжат – шетелдік жеке тұлға үшін.
  5. Экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген, өнімді шығаруға рұқсатының бар екендігі туралы құжат.
  6. Оған қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi заттай және құндық мәнде көрсетілген сыртқы сауда мәмілесінің қатысушылары арасындағы (сатушы, жүк жөнелтушi, сатып алушы, жүк алушы, делдал) өнімді жеткізуге арналған келісімшарт.
  7. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.
  8. Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi құзыреттi органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзу айқындалған жағдайда оның тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi іс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келтiру және/немесе экспортталуы мемлекетке жүктi қайтару қажеттiгiне байланысты шығыстарды өтеуге кепiлдiктi растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) көрсетілетін қызметті алушының хаты.
  9. Егер жүк алушыға жүктi беру оған қатысы жоқ себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, транзитпен өтетін өнiмдi оның бұл жүктi қайта қабылдауға сөзсіз келiсiмiн растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) (көрсетілетін қызметті беруші атына жіберілетін) жүк жөнелтушiнiң хаты.
  10. Мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі туралы мәліметтер.

Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.

Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтiнiш.
  2. Өнімді әкетуге рұқсаттың болуы туралы экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
  3. Сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар (сатушы, жүк жөнелтуші, сатып алушы, жүк алушы, делдал) арасында өнімнің номенклатурасын және көлемін көрсете отырып, оның қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге нақты және құндық көріністегі өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
  4. Егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып) транзитпен тасымалданатын өнімді кері қабылдауға оның сөзсіз келісімін растайтын өнімді жүк жөнелтушінің (көрсетілетін қызметті берушіге жолданған) хаты;).
  5. Мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қозғалыс маршруты, кіру және шығу шекаралық пункттері, көлік түрі туралы мәліметтер.
  6. Әскери қарауыл адамдарының санын, олардың қаруы мен оқ-дәрілері туралы деректерді (маркасы (типі), калибрі, саны) көрсете отырып, әскери қарудың әрбір әкелінетін бірлігіне әскери қарауыл әскери (қосарлы) мақсаттағы өнімнің транзитімен ілесіп жүру кезінде әскери қарауыл туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасына келуге немесе Қазақстан Республикасынан кетуге құқық беретін адамдардың (әскери қарауыл құрамынан) құжаттары, бекітілген қаруды, оқ-дәрілерді көрсете отырып, әскери бөлімнің лауазымды адамдары бекіткен әскери қарауыл адамдарының атаулы тізімі және әскери қарауылдың тиісті ілеспе құжаттары (нұсқама, наряд, қорытынды) ұсынылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Өнiмнiң транзитіне рұқсат немесе қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.