Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

15 жұмыс күні

Ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда қарау мерзімі 10 жұмыс күніне дейін ұзартылады

Алдыңғы қағаз нысанда берілген аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын электрондық форматқа ауыстыру мерзімі 2 жұмыс күні

 

Қызметтің толық атауы
Аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру, алдыңғы қағаз нысанда берілген аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын электрондық форматқа ауыстыру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап