Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Мемлекеттік тіркеу үшін - 2 147,3 теңгені құрайды (қосылған құн салығын есепке алмағандағы баға, теңге).

Қызмет көрсету мерзімі

3 жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

Порталда - алымның төленгені туралы растау келіп түскен сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде

 

 

Қызметтің толық атауы
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Қызметті онлайн алу

  1. Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, кемінде екі пәтер, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары меншік иесінен ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
  2. Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесі (жергілікті атқарушы органдардың шешімі), жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының сканерленген көшірмесі.
  3. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, кондоминиум объектісін тіркеу үшін төлемді растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу жолы (қажетті құжаттар):

  1. Пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының кемінде екі меншік иесінен жазбаша өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады), сондай-ақ құжаттың түпнұсқасы не көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
  3. Егер кондоминиум объектісін тіркеу сәтіне дейін жер учаскесіне құқық тіркелмеген болса, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаты.
  4. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін төлемді растайтын құжат.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жер учаскесіне сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді құжаттарды қабылдау және беру қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш.
  2. Су шаруашылығы құрылысының гидромелиоративтік жүйесінің паспорты.
  3. Ортақ үлестік меншік құрамына кіретін гидромелиоративтік жүйе элементтерінің және басқа да мүліктің тізбесі бар гидромелиоративтік жүйенің сызбасы (арналар, су беруді реттеуге арналған құрылыстар, коллекторлық-дренаждық желілер, тік дренаж ұңғымалары, электр желілері, электр жабдығы, сорғылар, осы құрылыстардың бұру жолдарының астындағы жерлер).
  4. Гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін және бөлек (жеке) меншіктегі (өзге құқықтағы) барлық жер учаскелеріне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып, гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың тізімі).
  5. Көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі), сондай-ақ құжаттың түпнұсқасы не көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

Құжаттарды қабылдау кезінде жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы тиісті тексеруден кейін өтініш берушіге қайтарылады.

  1. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін төлемді растайтын құжат.

Мемлекеттік қызмет мынадай жағдайларда бір айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады:
1) сотқа берілген талап қою және өзге де өтініштер (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
2) прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес заңның бұзылуы жойылғанға дейін;
3) "Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
4) Егер қажетті құжаттардың болмауы тіркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болмаса, өтініш берушінің Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынуы үшін;
5) Егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тарту үшін негіз болмаса, мемлекеттік органдардан түсініктемелер алу немесе осындай органдардан шығатын құжаттарда оның болмауына немесе осындай құжаттарда қайшылықтардың болуына байланысты қажетті ақпаратты талап ету үшін;
6) құқық белгілейтін құжаттар негізінде белгіленетін тіркеу объектісі және өтініште көрсетілген тіркеу объектісі олардың арасындағы қайшылықты жою үшін сәйкес келмеген кезде жүзеге асырылады;
7) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы толық төленбеген кезде;
8) егер құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені туралы немесе тұлғаның ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түспесе, тоқтатыла тұрады.

Электрондық тіркеу осы баптың 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатыла тұрмайды.
Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды мемлекеттік тіркеуге қабылдаған сәттен бастап құжат берілген сәтке дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімі өткеннен кешіктірмей қабылдауы мүмкін.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Үлестерді есептеу туралы қосымшасы бар кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуді тоқтата тұру туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Порталға - көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі. Оң нәтиже болған жағдайда хабарламаға сәйкес үлестердің есебі қоса беріледі.