Кепіл тізілімінен ақпаратты алу

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Өтінімді үшінші тұлға бергенде:
Пайдаланушы кепіл объектісі иесінің ЖСН/БСН енгізеді. Пайдаланушы (кепіл объектісінің иесі)  үшінші адамнан сұранысты ЭЦҚ арқылы немесе бір жолғы пароль арқылы келіседі. Осыдан кейін үшінші адам кепіл объектісінің иесі туралы мәліметтерді алады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Кепіл тізілімдерінен анықтама