Экспорттық кредитті сақтандыру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке және/немесе заңды тұлғалар – экспорттаушылар немесе қазақстандық тауарлардың, жұмыстардың және/немесе қызметтердің экспортын қаржыландыруды жүзеге асыратын ұйымдар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Сақтандыру тарифі «KazakhExport» ЭСК» АҚ жасалатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу саясатына сәйкес белгіленеді

Қызмет көрсету мерзімі

құжаттардың толық пакетін тапсырған сәттен бастап - шамамен 26 жұмыс күні

Қосымша

Экспорттық кредитті сақтандыру ережесі ҚР Азаматтық Кодексіне, «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР 2000 жылғы 18 желтоқсандағы №126-11 Заңына, «ҚР индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» ҚР Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығына, еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Жарғысына сәйкес әзірленді, ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығымен бекітілген

Қызметті онлайн алу

  1. Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде digital.baiterek.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
  2. digital.baiterek.gov.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.

Қызметті «KazakhExport» ЭСК» АҚ-да алу (қажетті құжаттар):

  1. Сақтандыруға өтініш;
  2. Қоғам нысаны бойынша МКК үшін өтініш-келісім;
  3. Экспорттық келісім-шарт;
  4. Шетелдік контрагентпен жұмыс істеген кезеңдегі салыстыру актілері.

Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес клиентті тиісінше тексеру үшін қажетті құжаттардың қосымша тізбесі:

  1. Клиенттің сауалнамасы - түпнұсқа;
  2. жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке тұлғалары үшін:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) мемлекеттік тіркеуден өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген құжат;

  1. Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:

1) заңды тұлғаның ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға құжаттарына қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжат (құжаттар);

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген құжат;

3) құрылтай құжаттары және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме;

4) заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) жеке басын куәландыратын немесе мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын құжаттар (қатысушыларының тізілімін жүргізуді бірыңғай тіркеуші жүзеге асыратын акционерлік қоғамдар, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктері құрылтайшыларының (қатысушыларының) құжаттарын қоспағанда), сондай-ақ заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (бенефициарлық меншік иесі заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын және акционерлердің (қатысушылардың) тізілімінен үзінді негізінде анықталған жағдайларды қоспағанда);

5) клиенттің атынан сенімхатсыз іс-әрекеттер жасауға, оның ішінде заңды тұлғаның ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға арналған құжаттарға қол қоюға лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) өкілеттіктерін растайтын құжаттар;

6) заңды тұлғалардың өзге нысандарының филиалдары мен өкілдіктері үшін - Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенімхат;

7) заңды тұлғаның орналасқан жерін куәландыратын құжат;

8) рұқсат (егер клиенттің қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асырылған жағдайда);

  1. егер клиенттің атынан оның өкілі әрекет етсе (заңды тұлғаның лауазымды тұлғаларынан қоспағанда):

Қазақстан Республикасының резидент - клиентінің өкілдері үшін:

  1. жеке басын куәландыратын құжат;
  2. клиент өкілінің клиенттің атынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға, оның ішінде клиенттің құжаттарына қол қоюға өкілеттігін растайтын құжаттар;

Қазақстан Республикасының бейрезидент -клиенттің өкілдері үшін:

  1. жеке басын куәландыратын құжат;
  2. клиент өкілінің клиенттің атынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға, оның ішінде клиенттің құжаттарына қол қоюға өкілеттігін растайтын құжаттар;
  3. егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, бейрезидент -жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету және болу құқығына Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелгенін куәландыратын құжат.

Қызмет көрсету нәтижесі

Экспорттық кредитті сақтандыру шартына қол қою.