ҚР электрондық лицензиялаудағы танымал 5 қызмет

Жариялау күні: 2017 жылғы 17 тамыз

img_4876-22.jpg

 «Е-лицензиялау» порталында 2017 жылдың басынан бастап кеңінен танылған келесі электрондық қызметтер:

- жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту (64 680 рет),

- клиникалық тәжірибеге рұқсат беру үшін маманы сертификатын беру (46 030 сертификат берілген),

- жеке кәсіпкер ретіндегі қызметтің басталғандығы туралы хабарлама (45 271 рет),

- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тарту (15 834 рет көрсетілген),

-  фитосанитарлық сертификатты беру (14 752 сертификат берілген).

Лицензия беретін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының бизнес қауымдастығы арасындағы лицензиялау процестерді автоматтандыру және ашық механизмді қамтамасыз ету үшін құрылған «Е-лицензиялау» (http://elicense.kz) порталы рұқсаттама құжаттарын алуға, қайта рәсімдеуге электрондық өтінішті жіберу мүмкіндіктерін қамтамасыз еткенін атап өту қажет. Бұл ретте интеграциялау және оңтайландыру есебінен, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға болатын ұйымдардың жарғылық құжаттарына, өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттарына және басқа да мәліметтерге қажеттілік алынған. Сонымен, 2016 жылғы «Е-лицензиялау» (elicense.kz) порталы көмегімен 624 162 рұқсаттама құжаттары мен 23 316  лицензия берілген.