Жылжымайтын мүлік бойынша статистикалық деректерді кестеден тыс алуға болады

Жариялау күні: 2019 жылғы 27 қыркүйек

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «ХҚКО ЫАЖ» ақпараттық жүйесінің «электрондық үкімет» порталымен интеграциялануы жүргізілетіні және пайдаланушының сұрау салуы бойынша статистикалық ақпаратты алу бойынша eGov.kz арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің іске қосылғандығы туралы хабарлайды. Бұл дегеніміз, кез келген тіркелген пайдаланушы онлайн режимінде мыналар:

1) Статистикалық бизнес-тіркелім;

2) халықтың статистикалық тіркелімі;

3) ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімі;

4) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінен тыс тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі бойынша деректер ала алады деген сөз.

Осы қызмет жеке және заңды тұлғаларға ЭЦҚ қол қою арқылы көрсетілетінін айта кету керек.