Қазақстанда заң жобаларын ашық талқылау үшін арналған портал жұмысын бастады

Жариялау күні: 2016 жылғы 7 сәуір

100 нақты қадам Үлттық Жоспарының 94-ші қадамы мен Қазақстанның Ашық Үкіметін дамыту бағдарламаларының аясында «Ашық нормативті құқықтық актілер (НҚА)» legalacts.egov.kz порталында ашық талқылауға арналған заң жобалары жарияланған.

Қазіргі таңда азаматтар «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Стандарттау туралы» заң жобалары бойынша өз ой-пікірлерін білдіре алады.

Бұған қоса, 10 сәуірге дейін порталда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөнінде, сондай-ақ кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жоба тұжырымдамасының қоғамдық талқылауы өткізіледі.

«Ашық НҚА» порталы азаматтарға қоғамдық бастамаларды, нормативті құқықтық актілерді және мемлекеттік органдар шешімдерін қарастыру үрдісіне қатысуын қамтамасыз ететінін ескертеміз. Дәлірек айтқанда, мүдделі орган бекітпес бұрын әзірлеуші органдар жобаларды қоғамдық талқылауға  порталға орналастырады. Талқылау нәтижелері де  сол порталда жарияланады.

Бұған дейін, мемлекеттік қызметтер талқылауы электрондық үкімет аясында eGov порталында өткен болса, қазіргі таңда, «Ақпаратқа қолжетімділік» Заңының қадылбануы арқасында барлық заң жобаларының тұжырымдамалары, НҚА жобалары мен мемлекеттік қызметтің стандарттары міндетті түрде «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылаудан өтеді.