E-license порталындағы қызметтер автоматты режимде көрсетіледі

Жариялау күні: 2022 жылғы 9 наурыз

Енді құрылыс нысандарына және тағы 8 мемлекеттік қызметке кешенді сараптама жүргізуге рұқсатты автоматты режимде elicense.kz сайтында алуға болады.

Сараптамалық (жекеменшік) ұйымдар құрылыс объектілеріне ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қызметін онлайн режимінде пайдалана алады және нотариалды куәландырылған көшірмелерін немесе растайтын құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбауға болады. Қызмет тек заңды тұлғаларға арналған және тегін көрсетіледі.

«Бизнес-процестерді оңтайландыру арқылы біз электрондық лицензия порталында 9 мемлекеттік қызметті алу уақытын жеңілдеттік. Енді бизнес иелері рұқсаттарды бір-екі миніттың ішінде алуға мүмкіндігі бар. «ҰАТ» АҚ мен ҚР ЦДИАӨМ мемлекеттік органдармен атқарған жұмыстардың арқасында заңды тұлғаларға қағаз түрінде 9 қызметке анықтама ұсынудың қажеті жоқ»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Айта кету керек, бұрын бұл қызмет қағаз түрінде көрсетіліп, күнтізбелік 30 күн ішінде көрсетіліп, қажетті құжаттар тізбесі нотариалды куәландырылған көшірмелерде немесе түпнүсқаларда ұсынылды.

Жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарын аккредиттеуден өту үшін пайдаланушы:

  • e-license деректер порталына авторизациядан өту немесе тіркелу;
  • «құрылыс» бөлімінде тиісті қызметті таңдау;
  • қызмет паспортында талап ететін құжаттар топтамасымен танысу;
  • «қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы арқылы өту;
  • жұмыс/ қызмет түрін таңдау;
  • мәліметтер нысанына сәйкес талап етілетін деректерді енгізу;
  • ЭЦҚ көмегімен қол қою.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 5-7 минут ішінде көрсетіледі және қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанда пайдаланушының «жеке кабинетінде» сақталады.

Аккредиттеу туралы куәлікті алған сәттен бастап заңды тұлға өз қызметін кедергісіз жүзеге асыра алады. Рұқсаттың қолданылу мерзімі – 2 жыл.

Осы қызметтен басқа e-license порталында тағы 8 мемлекеттік қызмет автоматты режимде көрсетіледі:

  1. «Аэронавигация мен әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару (кіші түрін табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркелімге енгізу)».
  2. «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру».
  3. «Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру».
  4. «Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру».
  5. «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін стандарты.
  6. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу».
  7. «Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжжаттар қабылдау».

«Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру».