Жетім баланың қамқоршылары жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті онлайн бере алады

Жариялау күні: 2020 жылғы 25 тамыз

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ eGov.kz порталында жетім балаларды асырап-бағуғажәрдемақы төлеуді тағайындауға электронды өтініш беруге болатынын хабарлайды.

Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушы «Отбасы» бөлімінің «Қамқоршылық, қорғаншылық, қолдау» бөлігінде: «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау»көрсетілетін қызметін таңдау керек. Содан кейін өзіңіз туралы мәліметтерді және жәрдемақыкеліп түсетін банктік шотты енгізіңіз. Содан кейін бала туралы мәліметтерді көрсетіп, электрондықцифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) өтінішке қол қою қажет.

Өтініште баланың табысы туралы ақпарат, яғни мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді, алименттерді, баланың мүлкінен табуға болатын кірістер туралы мәліметтерді көрсету қажет екенін айта кету керек.

Егер сұрау салу сәтті орындалса, жәрдемақы тағайындау туралы шешім пайдаланушының жеке кабинетіне 1 жұмыс күні ішінде келіп түседі.

Көрсетілетін қызметке сілтеме: https://egov.kz/cms/kk/services/guardianship/76pass_mon