Saqbol қосымшасы 100 мыңнан астам рет жүктелген

Жариялау күні: 2020 жылғы 4 желтоксан

«Saqbol» мобильді қосымшасы 100 мың пайдаланушының белгісін еңсерді, олардың 100-ден астамы COVID-19 науқастарымен байланыс туралы хабарлама алды.

Saqbol қосымшасы коронавирустық инфекцияның таралуын COVID-19 жұқтыру қаупі туралы пайдаланушыларды ескерту жолымен азайту үшін жасалған.

«100 мың жүктеу – бұл өте жақсы көрсеткіш, өйткені қосымша тек қазан айында іске қосылды, бірақ бұл да жеткіліксіз. Тиімді болуы үшін ел тұрғындарының кем дегенде 60%-ы қосымшаны смартфондарына орнатуы керек. Сондықтан мен қазақстандықтарды Сіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін Saqbol қосымшасын жүктеуге және ПТР-тест оң болған жағдайда хабарлама жіберуден қорықпауға шақырамын. Хабарламалар анонимді, ауырғандардың аты-жөнін, мекенжайын, байланыстарын, орналасқан жерін көрсетудің қажеті жоқ», - деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Saqbol пайдаланушылардың телефондары арасында Bluetooth арқылы шифрланған деректерді беру арқылы жұмыс істейді. Егер адам COVID-19 ПТР тестін тапсырса және оң сынақтан өтсе, ол соңғы 14 күн ішінде 2 метр қашықтықта 5 минуттан артық байланыста болған адамдарға жасырын түрде ескерту жасай алады. Мұндай хабарламаны 100-ден астам адам алды. Пайдаланушы онымен байланысқан кезде және қай жерде covid-19 ауруы туралы мәліметтер берілмейді.

Қосымша GooglePlay АppStore дүкендерінде қолжетімді.