eGov-тың 15 жылдығына арналған байқау

Жариялау күні: 2021 жылғы 30 наурыз

Жақын арада eGov порталына 15 жыл болады!

Бізбен бірге болғаныңыз үшін алғыс айтамыз және туған күн құрметіне сіз үшін ұтыс ойынын жариялауға қуаныштымыз!

1 орын – Huawei P Smart 2021 смартфоны

2 орын – Huawei MediaPad T3 10 планшеті

3 орын – Huawei Watch Fit смарт-сағаты

Байқау шарттары:

  • Instagram (Facebook/Vkontakte) әлеуметтік желілерінде бізге және біздің серіктестерімізге @huaweimobilekz жазылу, осы жарияланымға лайк қою
  • Посттың астында 3 досты белгілеп қою
  • eGov mobile қосымшасын жүктеп, тіркеуден өтіп, ЭЦҚ алу қажет. Егер сіз Huawei пайдаланушысы болсаңыз, онда қосымшаны AppGallery-ден жүктеу қажет
  • Кез-келген қызметке онлайн тапсырыс беріңіз, бірегей коды (№10100ХХХХХХХХХ) бар өтінімнің скриншотын және Instagram, Facebook/Vkontakte-де қатысушының логинін egov_konkurs@nitec.kz поштасына жіберіңіз

Байқау 29 наурыз бен 12 сәуір аралығында өтеді.

Жүлделер Instagram парақшасында тікелей эфирде конкурстың барлық шарттарын орындаған қолданушылар арасында кездейсоқ (рандомдық) түрде бөлінетін болады.

 

* Конкурс ұйымдастырушыларының қызметкерлері мен өкілдері, олармен бірлескен тұлғалар, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстары, сондай-ақ конкурсты ұйымдастыруға немесе өткізуге тікелей байланысты кез келген басқа ұйымдардың өкілдері конкурсқа қатыспайды.