Digital Almaty 2021 форумында 6 елдің үкімет басшыларына eGov mobile қосымшасы көрсетілді

Жариялау күні: 2021 жылғы 5 ақпан

Бүгін, цифрлық трансформация стратегиясы мен IT-тенденциялар талқыланатын «Digital Almaty 2021: «Цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға» халықаралық форумында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин және Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстан сияқты елдердің үкімет басшылары, сондай-ақ форумның басқа қатысушылары мен қонақтарына eGov mobile мобильдік қосымшасының жаңа мүмкіндіктерін көрсетті.
 «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасының м.а. Диас Қадыров өзінің мысалында биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып, eGov mobile-да жаңа және заманауи тіркеу процесін көрсетті. Сондай-ақ, ол онлайн-қызметтерді алу және цифрлық құжаттарды пайдалану жолдарын көрсетті.

«Егер бұрын электронды мемлекеттік қызметтерді алу үшін қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, кезекке тұрып, флэш-дискке ЭЦҚ алуы керек болса, енді барлық тіркеу процесі екі-ақ минутты алады және тек смартфонды қажет етеді. Қосымшаға тіркелу арқылы қазақстандықтар электрондық үкіметтің ең танымал 90-ға жуық қызметтері мен сервистеріне қол жеткізе алады», - деді Диас Қадыров.

«Digital Almaty 2021» форумының цифрлық жобалар көрмесінде eGovMobile-дан басқа Алматы әкімдігінің, Қазақтелекомның және Kaspi.kz жобалары ұсынылған.

Форумға қатысушылар денсаулық сақтау мен білім беруді цифрлық трансформациялау, АТ экожүйесі және венчурлық капитал, ақпараттық қауіпсіздік, GovTech және супер қызметтер, Индустрия 4.0 және басқа да тақырыптар бойынша панельдік сессияларға қатыса алады. Форум гибридті форматта - оффлайн режимінде және https://forum.mdai.gov.kz/program сілтемесі бойынша онлайн өтеді.