eGov-та бір шертуден төле де iPhone 6S ұтып ал!

Жариялау күні: 2016 жылғы 22 қаңтар

Қазақстанның электрондық үкімет порталы «Бір шертуден төле де iPhone 6S ұтып ал» акциясын жариялайды. Ұтыстар портал және eGov мобильдік қосымшасын пайдаланушылары арасында өткізілетін болады.

Акцияға қатысу шарттары:

1. Төлем жүргізу кезінде* порталда немесе eGov мобильдік қосымшасында «Бір шертуден төлем» немесе «Тез төлем» опциясын шерту қажет;

2. Одан кейін пайда болған формада төлем картасын тіркеп, оның деректерін сақтау, сонан соң кез келген сомаға төлемді жүргізу керек;

3. Төлем жүргізген соң пайдаланушы автоматты түрде акцияға қатысушылардың тізіміне түседі, тек қана нәтижелерді бақылау қалады.

Жеңу ай сайын кездейсоқ сандар генерациясы әдісімен анықталады. Төлемдер саны неғұрлым көп болса, акцияға қатысушылардың ұтыс мүмкіндіктері де соғұрлым көп болады.

Барлығы 4 смартфон ойнатылады - бір айда бір смартфон. Акция 2015 жылдың 26 қазанынан 2016 жылдың 26 ақпанына дейін өтеді.

 «Бір шертуден төлем» сервисі төлем картасының деректерін қайталап енгізусіз төлемді жүргізуге мүмкіндік беретіндігін еске саламыз.

* Жүйе бюджетке төлемдерді: салықтарды, өсімпұлдарды, салық баждары, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды жедел төлеуге мүмкіндік береді.