eGov пайдаланушыларының саны 4 миллионға жетті

Жариялау күні: 2015 жылғы 23 шілде

Қазақстанның электрондық үкіметі порталында 4 миллионыншы пайдаланушы тіркелді.  eGov-тың мерейтойлық пайдаланушысы Ақтөбе қ. тұрғыны Анна Вендер болып шықты.

eGov танымалдылығы күннен күнге артып келеді. Бұдан 7 ай ғана бұрын портал пайдаланушыларының саны 3 миллион белгісінде болды. Ал өткен жылдың сәуір айында бұл сан 2 миллионды құрады.

Пайдаланушылар санының артуы кездейсоқ емес – жыл сайын  порталда қызметтердің саны артып келеді. Мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу арналары кеңейіп жатыр. eGov қызметтерін ХҚКО-да, қарапайым компьютер арқылы, қоғамдық қол жеткізу пунктілерінен, eGov мобильдік қосымшасы және SMS-арнасы арқылы пайдалануға болады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін оңтайландыру жұмыстары жүргізіледі. Өткен жылдан бастап электрондық үкімет порталы пайдаланушыларды жеке басты куәландыратын құжаттардың, жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы, автокөлікті техникалық байқаудан өткізу керектігі, айыппұлды өтеу қажеттілігі және басқалары туралы хабарландырады.

Анықтама: eGov.kz электрондық үкімет порталы 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына онлайн қызметтер көрсетеді. 2015 жылдың 1 шілдесіне қарасты электрондық үкіметпен 100 миллионнан астам электрондық қызмет көрсетілді. 2014 жылы БҰҰ электрондық үкіметтің даму рейтингінде Қазақстан 2012 жылмен салыстырғанда 10 сатыға көтеріліп, 28 орынға ие болды.