Мемлекеттік қызметтерді, салықтар мен айыппұлдарды Kaspi.kz ұялы-банкингі арқылы төлеуге болады

Жариялау күні: 2020 жылғы 4 наурыз

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ағымдағы жылдың 4 наурызынан бастап «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінде (ЭҮТШ) «Kaspi.kz» танымал мобильдік қосымша арқылы комиссиясыз ыңғайлы төлем жасау тәсілі қол жетімді екендігін хабарлайды.

Енді мемлекеттік қызметтерді және бюджетке түсетін басқа да төлемдерді жүзеге асырудың осы әдісін пайдалану үшін Egov Mobile, eSalyq mobile мобильді қосымшаларында қызметке тапсырыс беріп, содан соң ЭҮТШ бетінде Kaspi.kz төлем тәсілін таңдау жеткілікті.

ЭҮТШ төлем картасымен, электрондық әмиянмен, мобильді баланспен, шот-өтініммен төлемнің келесі тәсілдерін пайдалана алады.