Кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуді eGov.kz арқылы жүзеге асыруға болады

Жариялау күні: 2019 жылғы 26 қыркүйек

"Ұлттық ақпараттық технологиялар "АҚ 2019 жылғы 23 қыркүйекте "Электрондық үкімет" порталында "Кеменің, шағын көлемді кеменің, салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу" қызметі іске қосылғанын хабарлайды.

Егер бұрын бұл үш түрлі қызмет болса, енді процесс оңтайландырылды. Қазір олар бір-біріне біріктіріліп, бұдан былай үйден шықпай-ақ осы қызметті онлайн алуға болады.

Сонымен қатар, қызмет көрсету мерзімі 7-күннен 1 жұмыс күніне дейін қысқартылғанын ерекше атап өткен жөн.