Шетелде жүрген қазақстандықтар 1414 тегін қоңырау шала алады

Жариялау күні: 2020 жылғы 29 сәуір

Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары енді 1414 Бірыңғай байланыс орталығының операторымен онлайн-аудиожазба арқылы байланыса алады.

1414 тегін қоңырау шалу үшін пайдаланушы egov.kz порталға кіріп, төменгі оң жақ бұрышта «Виртуалды кеңесші» виджетін басу қажет. Қалқымалы терезеде құлаққап түріндегі белгіге басып, қоңырау шалу қажет.

Виртуалды кеңесші арқылы оператормен байланыс жасау үшін микрофон мен құлаққап болуы қажет.

«Бізге басқа елдерде жүрген азаматтардан өтініштер жиі келіп түскен еді, біз 1414 call-орталығының операторларымен интернет арқылы қосылу мүмкіндігін қарастырдық. Бүгін біз осындай мүмкіндікті іске қостық. Егер адамда интернет болса, ол 1414 кеңесшісімен хабарласып, бар сұрақтарға жауап ала алады. Сондай - ақ, кеңесшімен әңгімесу барысында біз көлемі 20 мегабайттан аспайтын кез келген форматтағы файлдарды бекіту және жіберу мүмкіндігін қарастырдық», - деді «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

1414 байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 21:00-ге дейін және сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбі демалыс.

ТЖ кезінде байланыс орталығының жұмысына ХҚКО-ның 2000-нан астам қызметкері тартылды, байланыс арналарының өткізу қабілеті мен телефония өнімділігі кеңейтілді. Бұдан басқа, ХҚКО-ның 1000-ға жуық қызметкері кеңес алуға, сондай-ақ Мобильді азаматтар базасында тіркелу және ЭЦҚ онлайн-ресімдеу үшін жеке басын сәйкестендіру үшін өтініш білдірген азаматтардың бейнеқоңырауларға жауап береді.