Еңбек кітапшасы электрондық түрде болды

Жариялау күні: 2019 жылғы 17 қазан

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ eGov.kz порталындағы жеке кабинетке «Еңбек қызметі» деген атаумен жаңа бөлім қосылғанын хабарлайды.

Енді «Электрондық үкімет» порталының пайдаланушылары жұмыс беруші мен оның арасында жасалған барлық еңбек шарттарын көру мүмкіндігіне ие болды.

Ақпарат - жеке кабинеттегі «Еңбек қызметі» бөлімінде қолжетімді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» ААЖ Еңбек шарттары бойынша деректер беретін ақпараттық жүйе болып табылады. Яғни, пайдаланушы осы ақпараттық жүйеден тартылатын мәліметтерді ғана көре алады.

Осы ақпаратты алу үшін eGov.kz порталында тіркелу қажет екенін естеріңізге саламыз.