Астанада "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ұжымының ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесуі өтті

Жариялау күні: 2020 жылғы 10 қаңтар

Бүгін астанада "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басшылығы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары – "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшелері Сапар Ахметов, Павел Казанцев пен Джамиле Нұрманбетованы өздерінің жобаларымен таныстырды.

Қоғам Басқармасы төрағасының орынбасары Ерғазы Омаров компанияның жалпы қызметі туралы және eGov.kz порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы, Telegram-ғы чат-боттар, Facebook және ВКонтакте және басқалар сияқты "ҰАТ" АҚ жүзеге асырылған жобалар туралы айтып берді. Одан басқа, Басқарма төрағасының орынбасары Ақан Сарманов Egov Mobile мобильді қосымшасының мүмкіндіктері мен оның жұмыс принципін көрнекі түрінде көрсетіп шықты. Бұл жоба қонақтарымызды ерекше қызықтырды және олар барлық қызықтырған сұрақтарды тікелей қою және тіпті өнімді жақсарту бойынша өз ұсыныстарын енгізу мүмкіндігі болғанына қуанды. Жалпы кездесу жылы және достық жағдайда өтті.

Парламент Мәжілісінің депутаттары атқарылған жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған жаңа жобаларды іске асыруға сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Электрондық үкімет» порталында 273 қызмет, Egov Mobile-де 47 қызмет, ал чат-боттарда 20 қызмет қолжетімді.

Кездесу Нұр-Сұлтан қ. бойынша ақпараттық технологиялар орталығы директоры орынбасары және "Nur Otan" партиясының бастауыш партия ұйымының төрағасы Боран Дүйсеновтің басшылығымен  "Nur Otan" партиясының "ҰАТ" АҚ бастауыш партия ұйымымен ұйымдастырылды.