Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ForteBank эквайрингінің көмегімен де төлеуге болады

Жариялау күні: 2020 жылғы 2 наурыз

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ енді "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінде (ЭҮТШ) ForteBank эквайрингі арқылы банктік  картамен төлеу қызметі қолжетімді екенін хабарлайды. Бұл сервисті "ҰАТ" АҚ ForteBank екінші деңгейдегі банкімен бірлесіп әзірледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді төлеу үшін "электрондық үкімет" веб-порталында қызметке тапсырыс беру жеткілікті, бар болғаны ЭҮТШ бетінде ForteBank эквайрингін таңдау қажет. Қызметтерді төлеу үшін кез келген қазақстандық банктің Visa, Master Card, Maestro, Visa Electron төлем карточкасы болу керек.

ЭҮТШ-де төлемнің келесі тәсілдері қол жетімді екенін айта кету керек: Homebank мобильдік қосымшасында QR-code сканерлеу арқылы төлем картасымен, электрондық әмиянмен, мобильді баланспен, шот-өтініммен төлеуге болады.