Мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады

Жариялау күні: 2019 жылғы 12 қараша

"Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ ағымдағы жылдың 12 қарашасынан бастап «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзінде (ЭҮТШ) Visa халықаралық төлем жүйесінің платформасында өткізілген QR-код арқылы төлем қызметі қолжетімді екенін хабарлайды. Сервисті "ҰАТ" АҚ мен Halyk Bank ("Қазақстан Халық банкі"АҚ) бірлесіп әзірледі.

Енді мемлекеттік қызметтерді төлеудің осы әдісін пайдалану үшін "электрондық үкімет" веб-порталында, ЭҮТШ бетінде "QR-code"-HomeBank таңдау және Homebank мобильдік қосымшасында қалыптастырылған кодты сканерлеу жеткілікті.

Ыңғайлы және қауіпсіз технология Visa QR төлемдері смартфондағы мобильді қосымшаның көмегімен төлем карталарының деректерін қолмен енгізу қажеттілігінсіз қолма-қол ақшасыз операцияларды дереу жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ЭҮТШ-да келесі төлем тәсілдері бар: төлем картасы, электрондық әмиян, мобильді баланс, шот-өтінім.