Ашық деректер негізінде қосымшаларды дамыту бойынша байқау жарияланды

Жариялау күні: 2016 жылғы 20 мамыр

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ data.egov.kz порталының деректері негізіндегі мобильді қосымша немесе веб-сервисті дамыту бойынша конкурсты жариялайды.

Деректер жиынтығының ұлғаюы пайдалы қызметтер мен қосымшаларды әзірлеу идеяларына жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл, өз кезегінде қарапайым азаматтардың, мемлекеттік мекемелер қамтамасыз ететін, алуан түрлі ақпараттың үлкен алабына қолжеткізушілігін кеңейтеді.

Өз жағынан, «ҰАТ» АҚ,  data.egov.kz порталының API-ын (қосымшаларды бағдарламалау интерфейсін)  пайдалы қосымшаларды әзірлеу үшін қолдануды көздейтін және бұған қызығушылық танытатын адамдардың, кез келген бастамаларын ынталандыруды жөн көріп отыр.


Конкурс шарттары мен ескертулер:

iOS (6+ нұсқасы), Android (4+ нұсқасы) немесе Windows Phone мобильдік платформалары үшін мобильдік қосымшаны API арқылы, data.egov.kz порталында орналасқан ашық деректерді қолдану негізінде, дамыту қажет. Ресми дүкендерде қосымшаны жариялаумен қатар  интерфейстің көптілдігі қошталады.

Қатысушылардың ыңғайлығы үшін конкурсқа жіберілген қосымшаларды APK-файл түрінде (Android-қа арналған қосымшалар үшін)/ IPA-файл түрінде (iOS-қа арналған қосымшалар үшін)/ XAP-файл түрінде (WP-ға арналған қосымшалар үшін), немесе мобильдік қосымшалардың тарату қызметтері арқылы (TestFlight аналогтары) тапсыруға болады.

Мобильдік қосымшаның орнына (балама нұсқасы ретінде) ашық деректердің API арқылы дамытылған веб-қосымшалары (веб-сервистер, telegram-боттары және т.б) қарастырылмақ. Веб-қосымшалардың қолданысы келесі браузерлердің талаптарына сәйекс болуы тиіс (қолдануы мүмкін болу тиіс): Internet Explorer 6.0 және кейінгі нұсқалары (Internet Explorer 7.0 және одан кейінгі нұсқалары ұсынылады); Firefox 3.0 және кейінгі нұсқалары. Сондай-ақ көптілді интерфейс қошталады. Конкурсқа жіберілген веб-сервистер келісті сілтеме ретінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстың барлық қатысушылары ақыл-кеңесті және кез келген туындаған сұрақтарға өз жауабын біздің арнайы бөлінген мамандарымыздан алуға мүмкіндік алады. Сұрақтарды nazerke.akhmetzhanova@nitec.kz электрондық мекенжайына немесе +7 (7172) 702000 (3457), 8 705 533 32 02 нөмірлеріне қоңырау шалып қоюға болады.

Маңызды ақпарат: қосымшаның авторлық құқығы әзірлеушіде сақталады.

Аяқталу мерзімі:

Әзірленген қосымшаны / веб-сервистің сілтемесін nazerke.akhmetzhanova@nitec.kz электрондық мекенжайға 2016 жылдың 20 маусымына дейін жіберу қажет (қосымшаның / веб-сервистің сипаттамасын, толық аты-жөні мен байланыс ақпараттарын көрсету қажет). Егерде, қосымша көлемі 10 МБ-тан асатын болса, оны  деректер қоймасының біріне орналасырып (мысалы, Google Docs, Dropbox) хатқа сілтемесін қосу қажет.

Конкурс нәтижелері 2016жылдың 1 шілдесінде  жарияланады.

Жүлде - жеңімпаз заманауи және жоғары сапалы ультрабук-трансформерді ұтып алады.

Конкурсқа қатысатын барлық мобильдік қосымшалар мен веб-сервистер қазылар алқасымен бағаланатын болады.