Электрондық лицензиялау қызметтерін пайдалану оңайырақ және қолайлы

Жариялау күні: 2021 жылғы 24 ақпан

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары «Е-лицензиялау» порталының редизайнын жүргізді. Енді қазақстандықтар үшін өте эргономикалық және қолайлы интерфейс қолжетімді, бұл сайт бойынша навигацияны айтарлықтай жеңілдетеді.

Өзгерістер тек сыртқы дизайнға ғана ықпал етпеді, сонымен қатар ішкі бизнес-процестер оңтайландырылды. Сонымен бірге, порталда азаматтарға порталмен жұмыс істеуге көмектесуге арналған кеңестер қолжетімді болады. Ұсыныстар қажет болған жағдайда және мемлекеттік органның - қызмет иесінің бастамасы бойынша жарияланатын болады.

«Веб-технологиялар күн сайын өзгеріп отырады және бірнеше жыл бұрын пайдаланушыға өзекті және қолайлы болған сайттың дизайны ескірген және эргономикалық емес болып саналады. Біз порталдағы пайдаланушылардың мінез-құлқын ұзақ зерттедік және оны толық қайта жобалау туралы шешім қабылдадық. Біздің басты мақсатымыз азаматтарға интуитивті түсінікті интерфейсті пайдалана отырып, онлайн форматта 460 - тан астам рұқсат алуға болатын алаң ұсыну болды», - деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Диас Қадыров.

Бұдан басқа, e-license порталында «Көрсетілетін қызметтерді бейімдеу» жаңа сервисі пайда болды, ол жаңа көрсетілетін қызметті іске қоспас бұрын оны тексеруге, пайдаланушылардың пікірлерін алуға және осы кері байланыстың негізінде рұқсаттарды беру процесін жақсартуға мүмкіндік береді.