«eGov.kz жүректерді қосады» акциясының жеңімпаздарын марапаттау

Жариялау күні: 2012 жылғы 26 қыркүйек

27 қыркүйекте, сағат 12.00, «eGov.kz жүректерді қосады» атты акциясының шеңберінде өткен ұтыс ойының жеңімпаздарына бас жүлде - «Air Astana» әуе компаниясынан кез келген бағыттың екі жағына екі билетті табыс ету шарасы өтті.

Естеріңізге салсақ, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан 10 тамыз аралығында eGov.kz  порталы арқылы неке тіркеуге өтініш берген жұптар  акциясына қатысып, «Air Astana» әуе компаниясынан кез келген бағыттың екі жағына екі билет ұтып алуға мүмкіндік алды.

Акцияға қатысу үшін ерлі-зайыптылар қалалық немесе ұялы телефоннан 1414 нөміріне қоңырау шалуы (қоңырау шалу тегін) және операторға некені тіркеуге берген электрондық өтінішінің нөмірін айтуы қажет болды. Бұдан кейін олар сыйлыққа таласатын жұптардың қатарына автоматты түрде енгізілді. 

Билеттерді ұтып алу ойыны 7 арна эфирінде, 22 қыркүйекте, Лондон Олимпиадасының алтын жеңімпазы Илья Ильиннің қатысуымен өтті. Қонақтардың көзінше қатысып отырған өтініштердің барлық нөмірлері лототронның барабанына салынды, бұдан кейін жеңімпаздар кездейсоқ таңдау тәсілі арқылы белгілі болды. Олар, Петропавл қаласының тұрғындары - Бақтияр Жәмшитов пен Раушан Қайырбекова.  

Жүлдені табыс ету шарасы 27 Петропавл қ, Әуезов көшесі, 157, Халыққа қызмет көрсету орталығында өтті.

Ақпарат үшін:
Электрондық үкімет порталында неке тіркеуге өтініш беру және «eGov.kz жүректерді қосады» акциясына қатысу мүмкіндігіне ие болу үшін ерлі-зайыптылардың екеуі де өтініш беру кезінде  www.egov.kz порталында тіркелген болуы және олардың электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы тиіс. Бұл қызмет «Отбасы қатынастары, азаматтық хал актілерін тіркеу» санатында қолжетімді. Өтінімді толтыру кезінде болашақ ерлі-зайыптылардың біреуі қызмет үшін 1 АЕК (2012 жылы ол 1618 теңге құрайды) мемлекеттік бажды төлем карточкасының кемегімен төлейді. Бұл жерде электрондық шақыру алған екінші тарап өзінің келісімін ЭЦҚ-мен бекітіп растауы тиіс. Деректердің шынайылығы тексерілгеннен кейін аталған жұп некені тіркеу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама алады.

            Акцияға қатысу үшін өтінішті Интернет арқылы беру ғана емес, сондай-ақ некені АХАЖ-да тіркеуі қажет екенін атап өту керек. Сондай-ақ жас отбасы акцияға қатысу үшін  өз келісімін 1414 нөмірі бойынша растауы және байланыс деректерін қалдыруы тиіс. Билеттерді ұту ойыны басталмас бұрын қатысушылардың толық тізімі  eGov.kz порталында жарияланатын болады.