Қазақстан Республикасының аумағында ресми дилерлерден сатып алынған көлік құралдарын бастапқы тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көрсетілген ставкалар бойынша

Қызмет көрсету мерзімі

ТЕБ немесе мемлекеттік корпорациясы арқылы - 90 минут

порталда - 1 сағат

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасының аумағында ресми дилерлерден сатып алынған көлік құралдарын бастапқы тіркеу

Қазақстан Республикасының аумағында ресми дилерлерден сатып алынған көлік құралын бастапқы тіркеуге қалай қоятыны туралы бейнероликті қараңыз

Қызметті онлайн алу

Заңды тұлғалар 

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. "Шанақ нөмірін"енгізу.
  3. "Астана1" сервисіндегі "шанақ нөмірлері" сәтті тексерген кезде сұрау салудағы барлық міндетті алаңдарды толтыруҚажетті құжаттарды тіркеу
  4. Сұрау салуда көлік құралын сатып алушының ЖСН көрсету қажет.
  5. Сұрау салуға ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңба).   
  6.  Сатып алушыға растауға жіберу.

Жеке тұлғалар

Көлікті қайта тіркеуге растайтын сұрау салу:

  1. Порталда авторизациядан өтіп және жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) өту.
  2. Келісуді қажет ететін сұрау салумен танысыңыз.
  3. Сұрау салуды толтырып, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөлімін таңдаңыз.
  4. Төлеуге:
  • Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін шығаруға мемлекеттік баж салығы;
  • Көлік құралын тіркеу туралы куәлікті дайындау үшін мемлекеттік баж салығы;
  • Тіркеу жарнасы қажет.

*Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөлімінің орналасқан жері бойынша жүргізілуі тиіс

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұрау салуға қол қою.
  2. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
  3. Егер сұрау салу оң нәтиже берсе, «Азаматтарға арналған үкімет»  Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөліміне хабарласыңыз. Өзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы қажет.
  • Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар.
  • Жеке басын куәландыратын құжат.
  • Қызмет көрсету кезінде қоса берілген құжаттардың түпнұсқалары.

Мемлекеттік  корпорацияның мамандандырылған  бөлімдері арқылы:  
Құжаттарды қабылдау: түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Нәтижелерін беру: сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Қызметті ТЕБ немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

Көлік құралын мемлекеттік тіркеу үшін:

  1. Көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі (бұл құжат Мемлекеттік корпорацияға ұсынылмайды).
  2. Жеке басты куәландыратын құжат.
  3. Мемлекеттік баж және алымның төленгенін растайтын құжат.
  4. Көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген кеңейтілген міндеттемелерді орындауы.
  5. Техникалық құжат.
  6. МТНБ, КҚТК және/немесе кері әкету міндеттемесімен Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары.
  7. Көрсетілген жағдайлардағы көлік құралы.
  8. Заңды тұлғанының көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы адамның мөрі болуы тиіс болса, осы ұйымның мөрімен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) бұйрығы (өкімі).
  9. Көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжат, оларға:  
  • кедендік ресімдеуден өтуін растайтын құжаттардың көшірмелері (кеден декларациясы, кедендік кіріс ордері), уақытша кіргізген жағдайларда кері шығару туралы міндеттеме) (салыстыра тексеру үшін түпнұсқасы);
  • сот куәландырған орындалуы тиіс сот шешімінің, қаулысының, мемлекеттік органның әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасының көшірмелері қоса берілген атқару парағы;
  • сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар.
  1. көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті:
  • жеке тұлғалар Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі ‒ КО/ЕЭО) бірыңғай кеден аумағына өз қажеттіліктері үшін әкелетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
  • көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, бұрын КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін көлік құралдарын заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде;
  • жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін конструкциясына жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген, сериялық өндіріс жағдайындағы; немесе сериялық өндірістен тыс жеке тәртіппен құрастыру жиынтығынан немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын; немесе бұрын мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілгендер қатарынан айналымға шығарылған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде.
  1. Көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті.
  2. Көлік құралының түрін мақұлдауды, көлік құралы шассиінің түрін мақұлдауды:
  • көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүшелері болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
  • жеке және заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде ұсынылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Көлік құралын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – КҚТК) және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бұдан әрі – МТНБ) беру, КҚТК-ға есептен шығарылғаны туралы белгі немесе бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.