Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Сауалнама.
  2. Жеке куәлігінің және/немесе төлқұжатының түпнұсқасы (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).

"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша оқу үшін:

  • Негізгі орта білім туралы қосымшасы бар аттестат немесе қосымшасы бар куәлік, арнайы орта білім беру бағдарламасы бойынша ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы табельмен немесе транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама немесе қосымшасы бар арнайы орта білім туралы диплом.

"Магистратура"/"Резидентура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:

  • Қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы немесе ағымдағы жылғы үлгерімі туралы транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама.

"Докторантура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:

  • Қосымшасы бар магистр дипломы немесе ағымдағы жылғы үлгерімі туралы транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама.

Құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдары берген жағдайда үміткер білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады.

  1. Бар болған жағдайда салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, оқу тіліне сәйкес келетін шет тілін білетінін растайтын құжат (қабылдаушы тараптың талабы бойынша).

Қабылдаушы тарап тілдік оқудан өтуді ұсынған жағдайда шет тілін білетіндігін растайтын құжат талап етілмейді.

  1. Салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, ағылшын тілінде оқыған жағдайда ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат.
  2. Таңдаған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмесі (болған жағдайда).
  3. Құжаттарды өкіл арқылы ұсынған жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат.
  4. Шетелге оқуға жіберілетін үміткердің заңды өкiлінің (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) нотариалдық келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін).
  5. Мынадай тұлғалар санатына жататындығы туралы фактіні растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқа салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы.
  • Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – баланың ата-анасының жоқ екенін растайтын құжат.
  • Бала жасынан мүгедектер және мүгедек балалар – медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін).
  • Көп балалы отбасылардан шыққан балалар – төрт және одан көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі.
  • Ауылдық елдімекеннен шыққан балалар – Әкімші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және деректер қорынан алған ауылдық елдімекеннен келген үміткердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер.
  1. Бар болған жағдайда нотариалды куәландырылған мемлекеттік тілдегі аудармасы бар шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) шақыруының көшірмесі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысуға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе  мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.