Кеменiң, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Қызмет құны

1) жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК;

2) заңды тұлғалар үшін – 5 АЕК;

3) құжаттың телнұсқасын беру үшін – 0,5 АЕК.

Қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Кеменiң, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу

Қызметті онлайн алу 

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен қол қойыңыз.
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-анасының бірі, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар) кеменiң, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеуден босатылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы, немесе кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ, немесе кеме ипотекасын тоқтату туралы ақпарат беру, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын тоқтату туралы ақпарат беру, немесе кеменiң (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе кеменiң (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы, немесе кеменiң (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ, немесе кеменiң (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын тоқтату туралы ақпарат беру, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.