Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

30 күнтізбелік күн

Қызметтің толық атауы
Заключение уполномоченного органа государств - членов Евразийского экономического союза на транзит опасных отходов через таможенную территорию Евразийского экономического союза

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажет құжаттар):

  1. Жеке куәлік (тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет).
  2. Өтініш берушінің қолы қойылған, заңды тұлғалар үшін мөрмен куәландырылған (болған жағдайда), жеке тұлғалар үшін тұрғылықты жерін және заңды тұлғалар үшін орналасқан жерін көрсетіп, қалдықтарды транзиттеу туралы өтініш және қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі.
  3. Сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы қалдықтарды сатып алу-сату келісімшартының (шарттың) немесе өзге де иеліктен шығару шартының көшірмесі.
  4. Экспорттаушы мен өндіруші немесе, егер өтініш беруші делдал болған жағдайда, импорттаушы мен тауарды тұтынушы арасындағы шарттың көшірмесі.
  5. "Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша түрдегі келісімі.
  6. Тасымалдауға арналған келісімшарттың (шарттың) және осы қалдықтарды экологиялық қауіпсіз пайдалану келісілетін экспорттаушы мен қалдықтарды жоюға жауап беретін тұлға арасындағы келісімшарттың көшірмелері.
  7. Қалдықтарды тасымалдау туралы құжат.

Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытындыны ресімдеу үшін қосымша мынадай құжаттарды (қағаз жеткізгіште) ұсыну қажет:

  1. Міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің көшірмесі.
  2. Төтенше авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар жоспарының көшірмесі.
  3. Қауіпті қалдықтардың паспорты.
  4. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама (3 данада).

Қызмет көрсету нәтижесі

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы немесе қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.