Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті сынау нәтижелері бойынша акт беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Сынақ хаттамаларының оң нәтижелері кезінде – 10 жұмыс күні;

Сынақ хаттамаларының теріс нәтижелері кезінде – 15 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті сынау нәтижелері бойынша акт беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар):

Сервистік бағдарламалық өнімді және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын қоспағанда, сынақ объектілерін сынау кезінде:

  1. Cынақтар актісін алуға өтініш.
  2. Бастапқы кодтарды талдау хаттамасы.
  3. Ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау хаттамасы.
  4. Жүктемелік сынау хаттамасы.
  5. Желілік инфрақұрылымды зерттеп-қарау хаттамасы.
  6. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеп-қарау хаттамасы.
  7. Cынақ объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі бекіткен сынақ объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулық.

Сервистік бағдарламалық өнімді сынау кезінде:

  1. Cынақтар актісін алуға өтініш.
  2. бастапқы кодтарын талдау хаттамасы.
  3. ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау хаттамасы.
  4. жүктемелік сынау хаттамасы.
  5. Cынақ объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі бекіткен сынақ объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулық.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын сынақтан өткізу кезінде:

  1. Cынақтар актісін алуға өтініш.
  2. бастапқы кодтарды талдау хаттамасы.
  3. ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау хаттамасы.
  4. желілік инфрақұрылымын зерттеп-қарау хаттамасы.
  5. ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеп-қарау хаттамасы.
  6. Cынақ объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі бекіткен сынақ объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулық.

Біртекті бөлінген сынақ объектісінің тораптарын сынау кезінде:

  1. Cынақтар актісін алуға өтініш.
  2. Бастапқы кодтарды талдау хаттамасы.
  3. Ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау хаттамасы.
  4. Cынақ объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі бекіткен сынақ объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулық.

Қызмет көрсету нәтижесі

Сынақ объектілерінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулықтың көшірмесі қоса берілген нысан бойынша сынақтар актісі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.