Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
«Технологияларды трансферттеу және инжинирингтеу орталығы» АҚ
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

45 жұмыс күн:

1 кезең – алдын ала ұсынысты қарау және Кеңестің екінші кезеңге жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешімі –12 жұмыс күні;

2 кезең – толық ұсынысты қарау және Кеңестің инновациялық грантты беру (ұсынбау) туралы шешімі – 33 жұмыс күн.

 

Қызметтің толық атауы
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру

Қызметті онлайн алу

  1. «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
  2. Сайттағы қажетті деректерді толтыру.

Қызметті «Технологияларды трансферттеу және инжинирингтеу орталығы» АҚ​-да алу (қажетті құжаттар):

I кезең:

  1. 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуға алдын ала ұсыныс, осы Стандартқа технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грант алуға алдын ала ұсыныс.

II кезең:

  1. 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуға толық ұсыныс, осы Стандартқа технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грант алуға толық ұсыныс.
  2. Осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммерцияландыру стратегиясы.
  3. Осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жоспардың жобасы.
  4.  Осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар талдамасы бар шығыстар сметасының жобасы.
  5. Заңды тұлғалар үшін – жарғының көшірмесі, жоғары органның көрсетілетін қызметті берушіге өтінім беру туралы, басшының немесе өзге де уәкілетті тұлғаның инновациялық грант алуға және өтінім беруге байланысты құжаттарға қол қою өкілеттігін беру туралы шешімі.
  6. Есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер.
  7. Жабдықты жеткізуге арналған алдын ала шарттардың және (немесе) келісімдердің, оның ішінде лицензиялық шарттардың көшірмелері (бар болса).
  8.  Жабдықтарды тасымалдау (жеткізу) шарттарының көшірмелері (бар болса).
  9. Бағдарламалық өнімге қойылатын талаптардан басқа талап етілетін мамандар көрсетілетін бағдарламалық өнімді әзірлеуге арналған техникалық ерекшелік, олардың жұмыс түрлерін, көлемдерін, мерзімдерін сипаттай отырып және ақы төлей отырып (бағдарламалық өнімді әзірлеген жағдайда) мамандандыру бөлінісінде олардың саны).
  10.  Сатып алынатын жабдыққа коммерциялық ұсыныстар, сондай-ақ екеуден кем емес баламалы ұсыныстар.
  11. Жобаны іске асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтерге және (немесе) жұмыстарға екеуден кем емес коммерциялық ұсыныстар.
  12.  Жоба командасы мүшелерінің біліктілігін растайтын сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың көшірмелері.

Өтінім портал арқылы берілген жағдайда 5, 7, 8 және 12-тармақтарда көрсетілген құжаттар электрондық көшірмелер нысанында ұсынылады.

  1. Акселерациялық бағдарламаның аяқталғанын растайтын құжат.

Қызмет көрсету нәтижесі

1 кезең – Кеңестің алдын ала ұсынысты мақұлдауы және екінші кезеңге жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешімі;

2 кезең – Кеңестің инновациялық грант беру (бермеу) туралы шешімі.