Индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

11 жұмыс күні

 

Қызметтің толық атауы
Индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

Қызметті онлайн алу

  1. Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде sez.qazindustry.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
  2. sez.qazindustry.gov.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. «Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.

Қызметті "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ немесе "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ алуға (қажетті құжаттар):

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге, КҚКО-ға, Мемлекеттік Корпорацияға (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде) не порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. Өтінім.
  2. Орындаушының көрсеткен қызметтерінің (жұмыстарды орындауының) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебін.
  3. Қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың (шарттардың) көшірмелерін, оларды өтеу үшін өтінішке қосылған төлеуге жұмсалатын шығындарды, сондай-ақ (болған кезде) барлық қосымшаларды және/немесе толықтыруларды, осындай шартқа жасалған келісімдерді.
  4. Өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесін.
  5. Өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелерін.
  6. Өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем-құжаттарының көшірмелерін.
  7. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге жұмсалатын шығындар бойынша:
  • лизингтік қаржыландыруды жүзеге асыратын Қазақстанның Даму Банкінің еншілес компаниясының ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру туралы оң шешімінің көшірмесі;
  1. Картаға енгізілген жобалар үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалатын шығындар бойынша:
  • өтініш берушінің жобаның Картасына енгізілгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • аккредиттелген сараптамалық ұйым немесе тиісті аттестатты бар сарапшы немесе мемлекеттік сараптамалық ұйым өткізген техникалық-экономикалық негіздеменің ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі (егер аталған қорытынды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болатын жағдайда).

Мемлекеттік корпорацияда қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электронды» жол тәртібімен жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Шығындарды өтеу туралы келісім не осы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап.